Шамамен 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалған кеме табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шамамен 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалған кеме табылды

30.01.2020
Шамамен 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалған кеме табылды

Теңіз археологтары мен зерттеушілер осыдан 100 жыл шамасында жоғалып кеткен SS Cotopaxi кемесінің қалдықтарын тапты. Бұл кеме 1925 жылы 29 қарашада Чарлстоннан (Оңтүстік Каролина штаты) Кубаға жету керек болған. Алайда орта жолда құпия түрде жоғалып кеткен. Бортында 30-дан астам адам болған. Зерттеушілер бұл апатты «Бермуд үштағанының сиқырымен» байланыстырды.

Cotopaxi кемесінің бөлшектері Флорида жағалауынан (Сент-Огастин қаласының маңынан) табылды. 

Жалпы, осы оқиғаны зерттеуге әртүрлі сала мамандары жұмылдырылды. Экспедицияны биолог Майкл Барнетт ұйымдастырды. Негізі ғалымдар осыдан 35 жыл бұрын кеме қалдықтарын тапқан, бірақ оның Cotopaxi екенін анықтамаған. Кейін қайта зерттеу жүргізіп, дәл осы 95 жыл бұрын жоғалған кеме екеніне көз жеткізген. Зерттеу қорытындысы сол кезде кеме капитаны болған Уильям Майерстің немересі Дуглас Майерске де баяндалды.

Cotopaxi кемесінің апаты жөнінде деректі фильмдер түсірілді. 

ria.ru Фото : Public domain

Хабарламаларға жазылу