Алматылық құтқарушылар адасып кеткен малшыны тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық құтқарушылар адасып кеткен малшыны тапты

23.12.2020

Алматы облысында жоғалып кеткен шопанды құтқарушылар аман-есен тапты. Мұқан Төлебаев ауылындағы шаруа қожалығының малшысы жоғалып кетті деген ақпарат түсісімен Лепсі құтқарушылар жасағы ауыр техникамен іздеуге шықты. Үш топқа бөлінген 16 адам адасқан малшыны сағат 23:00 шамасында тапты. Қатты тоңып қалған азамат медициналық көмекке жүгінбеді. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу