Нью-Йорк метросында 10 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк метросында 10 адам жараланды

13.04.2022

АҚШ-та Нью-Йорк метросының вагонына түтіндейтін гранаталар қойып, жолаушыларға оқ жаудырып, 10 адамды жаралаған ер кісі іздестіріліп жатыр. «Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, бұзақы тапаншамен 33 рет оқ атқан. 5 адам аурухаға жеткізілді. Олар тірі қалады деген үміт бар. Атысқа Фрэнк Джеймс деген адамның жауапты болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда тергеушілер бұған аса сенімді еместігін айтты. Билік 62 жастағы Джеймстің АҚШ-ты зорлық-зомбылыққа толы нәсілшілдер мекені деп айыптап, қала мэрі Эрик Адамсты даттағаны туралы бейнероликтерін зерттеп жатыр. Адамс болса, патрульдік полицейлер санын екі есеге көбейту арқылы метро қауіпсіздігін нығайтуға уәде берді. Халықтың психикалық денсаулығын жақсарту бағдарламаларын көбейтуге шақырды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу