Нью-Йорк метросында қайғылы жағдай болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк метросында қайғылы жағдай болды

20.02.2019

Жүріп бара жатқан пойыз киімін іліп кеткен жолаушы туннельге құлап, қаза тапқан. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отыр. Оқиға Манхэттеннің орталық вокзалында болған. Ал, 39 жастағы ер адамның денесі пойыз тоқтаған кезде бір-ақ табылған екен. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, осы трагедияға байланысты тергеу басталды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу