Нью-Йорк метросында пойыз рельстен тайып, 34 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк метросында пойыз рельстен тайып, 34 адам жараланды

28.06.2017

Нью-Йорк метросында төтенше жағдай. Мұнда пойыз рельстен тайып, 34 адам жараланды. Өрт қауіпсіздігі бөлімінің мәліметінше, жолаушылардың жарақаты олардың өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Пойыз Гарлемдегі станцияда жолды, белгі беру аппаратурасын және тоннель қабырғасын зақымдап барып, рельстен шыққан. Әзірге, апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу