Токио метросында шабуылдан 17 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио метросында шабуылдан 17 адам жараланды

01.11.2021

Токио метросында пышақпен жасалған шабуылдан және өрттен 17 адам жараланды. Оқиғаға байланысты жергілікті полиция 24 жастағы ер адамды тұтқындады. Ол «Бэтмен» комиксінің қаһарманы  «Джокер» тәрізді киініп, вагонға сұйықтық төгіп, от қойған.

Жалын лапылдай бастағанда жолаушылар вагондардан далаға қашты. Кейбіреулер пойыздың терезесінен секірген. Ал пышақталған үш адамның біреуі егде жаста. Ол  ауруханаға жеткізілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шабуыл тұрғындар «Хэллоуин» мерекесін тойлауға бара жатқанда жасалған.


Хабарламаларға жазылу