Қазақстан Ресейдің «Байқоңырды» жалдау ақысын қымбаттатты
Еліміз көрші Ресейдің «Байқоңырды» жалдау ақысын 3,2 млрд теңгеге қымбаттатты. Қайта қаралған биылғы бюджет жобасында Ресей «Байқоңыр» кешенi үшін осы жылы 52 млрд 143,5 млн теңге төлеуі тиіс деп бекітілген. Сондай-ақ, жалдап отырған әскери полигондарға – 9 млрд 217,9 млн теңге ақы төлейді. Мамандарының мәліметінше бұл өзгеріс теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда нақты өзгеруіне байланысты. Жалпы, ел арасындағы мәміле бойынша ғарыш айлағы кешенін қолданғаны үшін Мәскеу жыл сайын республикамызға 116 млн доллар төлеп тұрады. Ал, әскери полигондарды қолданғаны үшін 20 млн доллардан астам қаржы төлеуге міндеттелген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24