Батыс Қазақстан облысы: Тасқын су жолды жарып өткен
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында Қошанкөл-Қараоба жолын су басты. Қазір ол жерден жолаушылар жаяу өтіп, басқа көлікпен Казталов ауылына жеткізіліп жатыр.
Аудандық маңыздағы тасжолға еріген қар суы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылы жақтан келген. Ені 10 метрге дейін жайылған. Қарғын су қыстақтардағы көлшіктерге барып құяды. Олар толса, Қошанкөл ауылы маңындағы арнайы қазылған сайға жиналады. «Әзірге ауылға қауіп жоқ», – дейді мамандар. Сондай-ақ Жәнібек - Талов тасжолын да қарғын су бұзып өтті. Ол жердегі құбыр нөпірмен келген тасқынды өткізе алмай, су жолды жарып өткен. Ал Шыңғырлау ауданындағы су шайып кеткен 10 жол бөлігі бақылауда.
Ернұр Өтегенов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Қазір Ақтөбе облысындағы Қобда өзенінің суы Елек өзеніне құйғандықтан, Шыңғырлауда су деңгейі көтеріліп жатыр. Бірақ ең жоғары шекке дейін 2 метр бар. Сондықтан Елек өзені Жайық өзеніне келіп құяды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17