Елордада электр желілері зақымданып, қала маңындағы 90 ға тарта елді мекен жарықсыз қалды. Бірнеше ауылға жол ашылғанымен қоғамдық көлік қатынасы әлі қалпына келтірілген жоқ. Тұрғындар аялдамаларда сағаттап такси күтуге мәжбүр. Дауылдан кейін жарықсыз, сусыз қалған тұрғындар жөндеу жұмыстары ертерек аяқталса дейді.
Сәбит Әлдебай, тілші:
Елорда маңында дауыл басылмаған. Екпінді жел әлі де жерден көтеріп, көктен суырып тұр. Жол бойында қозғалыс реттелгенімен, көліктер баяу жүруде. Түні бойы дауылдың қатты болғанын блок бекеттің маңында үйілген көліктерден байқауға болады.
Екпінді желден жол бойындағы белгілер мен бағдаршамдар да қираған. Қосшы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатыры шытынап, жарық пен су өшкен. Қазір қоғамдық көлік күтіп, жол бойында тұрғандар жетерлік.
Тәңірберген, Қосшы қаласының тұрғыны:
Сағат таңғы 6-дан шығып сегізге дейін тұрдым, үйге барып жылынып келдім. Қайтадан келіп тұрмын. Автобус жоқ. Такси толық, тоқтамайды. Адамдардың бәрі тұр әне. Бәрі жиналып жатыр.
Бұрқасыннан елді мекендегі электр желілері 30 мәрте істен шыққан. Салдарынан Қосшы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер жарықсыз қалды.
Ал, мына 5 қабатты екі тұрғын үй шатырының бір бөлігі ұшып кеткен. Қазір жұмыс тобы құрылып, дауылдан келген шығын есептеліп жатыр. Ал, жарық пен сусыз қалған 500-ге жуық абонентке жарық пен су бірте-бірте берілуде.
Әлихан Қуатбеков, Қосшы қаласы әкімінің орынбасары:
Тез арада осы апатттық жағдайды түзету мүмкін болмағандықтан, ол жұмыс 30 наурыз жалғасын тапты. Бүгінгі күні сол 495 тың/ 58 абонетке ғана әлі жарық берілген жоқ. Қысқа уақытта бұл жұмыс орындалуға тиіс.
Қатты дауыл кезінде елорда маңындағы елді мекендерге барытын жолдар жабылды. Алайда, ескертуді елемей жолға шыққан 80 адамды құтқарушылар жылыту орындарына звакуациялады. Олардың арасында балалар да бар. Қазгидромет мамандары қатты жел бүгін де қайталануы мүмкін, дейді. Сондықтан, күн райы туралы ақпаратты білмей, алыс жолға шықпауды ескертеді.
Сәбит Әлдебай