2025 жылға дейін қант өндірісі 80 пайызға артпақ. Межеге жету үшін қант қызылшасының алқабын кеңейтіп, тағы бірнеше зауыт салу қажет. Алайда Алматы облысының шаруалары биыл тәтті түбір себетін жер көлемін қысқартқан. Есесіне қамыстан қант өндіруді қолға алмақ.
Биыл жетісулық шаруалар қант қызылшасын жылдағыдан аз сеппек. Себебі өзін-өзі ақтамайды дейді диқандар. Қазір Көксу қант зауыты ұсынып отырған бағаға олардың көңілі толмайды. 27 теңгенің 14 теңгесін мемлекет субсидиялайды.
Абай Тілеубаев, шаруа қожалығының жетекшісі:
17 теңгемен Үкімет субсидиямен белгілесе, 17 теңге зауыт төлесе 34 теңге мына завод қызылшаға толмаса маған кел. Елдің бәрі егеді.
Зауыт басшылары да бағаны өсіруге мүмкіндік жоқ екенін айтады. Қажетті құрал-сайман шет елден әкелінеді. Бағасы да шарықтап тұр.
Алтынбек Абатов, Қант зауытының директоры:
Басқа химиялық заттар бар. Бәрін шетелден аламыз. Ресейден, Украинадан, Швеция, Австрия, Франциядан аламыз. Олардың бағасы 80-90 пайызға көтеріліп тұр.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Өткен жылы Алматы облысының шаруалары 9 мың гектарға қант қызылшасын септі. Ал биыл небәрі 6200 гектар ғана. Алқаптарды азайтудың тағы бір негізгі себебі – қуаңышылық. Шаруалар биыл да су тапшылығы бола ма деп қауіптенеді.
Сондықтан өңірдегі екі зауытқа да қантты қамыстан өндірген тиімді болып тұр. Ал жалпы елімізде шекер тапшылығы жоқ.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Иә, ахуал қиын. Ол әлем бойынша бәріңіз көріп отырсыздар. Негізі Қазақстанды қантпен қамтамасыз ететіндей жұмыс атқарылуда. Қант болады. ол қантты 800-900 ден барып сатып алудың қажеті жоқ. Ажиотаж түседі. Қант бар.
Министр алдағы жылдары тағы бір қант зауыты салынуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Тек сонда ғана меже орындалмақ.
Қуаныш Қанатұлы