Парагвай астанасында нөсер жауын соңы тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парагвай астанасында нөсер жауын соңы тасқынға ұласты

30.03.2022

Парагвай астанасы Асунсьонда төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Салдарынан көшелер өзенге айналып, талай көлік суға кеткен. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ, жергілікті тұрғындар билік өкілдерін дер кезінде көмекке келмеді деп айыптап отыр.

Перуде де осыған ұқсас жағдай. Бұл елдің солтүстігінде нөсерлеткенде өзендер арнасынан асып, тас жолдарды топан жайлаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар тіркелген жоқ. Дегенмен Перу басшылығының мәлімдеуінше, бірнеше үй қираған.

Толассыз жауыннан Австралияның солтүстігіндегі қалаларды осы айда екінші рет су басып отыр. Әсіресе Жаңа Оңтүстік Уэлс штатындағы жағдай қиын. Бүгін бұнда да көптеген машина тасқынның ортасында қалған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу