Шетелдік сарапшылар: Қазақстанның жаңарған бейнесіне куә болатын күн алыс емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшылар: Қазақстанның жаңарған бейнесіне куә болатын күн алыс емес

29.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы Қазақстанды дамуға жетелейтін тұжырымдамалық жоспар.

Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жалғасы іспеттес дейді шетелдік сарапшылар. Бұқара базынасын ескерген биліктің тың бастамаларды іске асыратыны анық. Елдің жаңарған бейнесіне куә болатын күн алыс емес, дейді олар.
Нил Ватсон, халықаралық сарапшы: 
Жолдау - Қазақстанның демократияның батыстық үлгісін ұстанғанын көрсетеді. Атап айтқанда партияларды тіркеу рәсімдерінің жеңілдеуі, Президенттің жақын туыстарын жоғары лауазымды қызметке тағайындауға жол бермеу, олигархтардың ықпалын шектеу - сөзсіз елдің дамуы мен гүлденуіне апаратын бірден-бір жол.
Рышард Чарнецкий, «Қазақстан-Еуропалық одақ»достық тобының жетекшісі, Еуропалық Парламент депутаты: 
Біз үшін Қазақстанмен экономикалық, геосаяси қарым-қатынасты арттыру өте маңызды. Қазақстан тұрақтылықтың, дамудың, алға қарай ілгерілеудің керемет үлгісін көрсете алған мемлекет. Елдеріңіздегі экономикалық, әлеуметтік өзгерістер осының айғағы. Жаңа Қазақстан құруға жігерленген барша қазақ халқына бірлік, баянды бақыт тілеймін. 

Хабарламаларға жазылу