Алматыда 8 жастағы қызды тонаған күдікті ұсталды
Алматыда 8 жастағы қызды тонаған күдікті ұсталды. Қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам кішкентай қыздың құлағындағы сырғаны шешіп алған. Оның жымысқы әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қолда бар айғақпен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұрының жеке сұлбасын құрастырып, оқиға болған күні 49 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындап отыр. Бүгінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12