Алматыда ломбард тонаған екі күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ломбард тонаған екі күдікті ұсталды

25.02.2022

Алматыда ломбард қызметкерлерін алдап, тонап келген екі ер адам ұсталды. Олар сатылымға қойылған телефондарды көрсетуін сұрап, мобильді құрылғыларды алып қашып отырған. Күдіктілердің жымысқы әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полицейлер олардың 20 және 24 жастағы Алматы облысының тұрғындары екенін анықтады. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың бірі бұрын сотталған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу