Таулы Қарабақта әскери жағдай енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақта әскери жағдай енгізілді

28.03.2022

Бұған Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі себеп. Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан әскери күштері Ресей бітімгерлерінің қарауындағы жерге кіргенін хабарлаған еді.

Ал, Баку бұл ақпаратты жоққа шығарып, Әзірбайжан, Армения мен Ресей лидерлерінің 2020 жылғы үшжақты келісімінің барлық пункттерін толық орындап отырғанын мәлімдеді. Бұған қоса, Әзірбайжан Ресейдің Таулы Қарабақтан әскер әкету туралы талабынан бас тартып, керісінше Армения әскерін толықтай шығаруды талап етті. Таулы Қарабақтағы жағдай 2020 жылы қыркүйекте қатты ушығып, соғысқа ұласқан болатын. Сол жылы Әзірбайжан мен Армения Мәскеудің араласуымен бейбіт келісімге қол қойған. Келісім бойынша Баку 1990 жылдардан бері Армения әскерінің бақылауында тұрған жердің басым бөлігін алып, Таулы Қарабаққа Ресей бітімгер әскер кіргізді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу