Балқаш қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін такси қызмет көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін такси қызмет көрсетеді

28.03.2022

Қарағанды облысының Балқаш қаласында тегін такси қызмет көрсетеді. Бірақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ғана тасиды. Сауапты істі қала тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Мейірім Орынбаев ұйымдастырған. Әзірге игі бастамаға 50 автоволонтер қолдау білдіріпті.

«Келешекте санын 500-ге жеткізсем», - дейді тегін таксиді ұйымдастырушы. Себебі сұраныс көп. Қазір Балқаш қаласында 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрса, соның 200-і арбаға таңылған. Белсенділер тобы келешекте автоволонтерлерді ынталандыруды да ойластырып отыр. Мейрамханада тегін тамақтануға немесе киім-кешекті жеңілдікпен алуға, тегін жанар-жағар май алуға бонустық карталар бергісі келеді. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу