Шымкент қаласында қариялар мен мүгедектерге такси тегін қызмет көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында қариялар мен мүгедектерге такси тегін қызмет көрсетеді

15.11.2021

Шымкент қаласында қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бүгіннен бастап такси бір ай бойы тегін қызмет көрсетпек. «Жолдағыға жанашыр бол» деп аталатын игілікті іске «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы бастамашы болды. Оған өз еркімен қосылған 60 жеңіл көлік таңертеңнен алаңдарға жиналып, жол ережесі, техникалық қауіпсіздік шаралары мен пандемияға байланысты талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтар алды. Олардың арасында партия қызметкерлері, еріктілер мен такси қызметі компанияларының жүргізушілері бар. Олар күннің суығында аялдамада қоғамдық көлік күтіп тұрған қариялар мен жарымжан азаматтарға өз қызметін ұсынып, діттеген жеріне жеткізіп салатын болады.

Қанатбек Досалиев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы:

Бұл акцияның мақсаты -  жәрдем жасау. Бұл - бәріміздің қолымыздан келеді. Бәрімізге де жасауға болады деген ойды халыққа үгіттеу мақсатында жасалып жатыр.


Хабарламаларға жазылу