Сарыағаш қаласында әлеуметтік дүкендер желісі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаш қаласында әлеуметтік дүкендер желісі ашылды

15.02.2016
Сарыағаш қаласында әлеуметтік дүкендер желісі  ашылды
«Шапағат» деп аталатын сауда орындарында азық-түлік арзан бағамен сатылса, киім-кешек тегін таратылады.

Шағын қалада әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімі жасалған. Сатушылар тек осы азаматтарға ғана қызмет көрсетеді. Мұндай игі бастаманы көтерген Сарыағаш қалалық ардагерлер кеңесі. Ал, дүкен сөресін толтыруды демеушілер мен жергілікті тауар өндірушілер өз міндетіне алған.

Ал, Балқаш қаласында мұқтаж жандарға нан тегін таратылуда. Жергілікті «Балқаш-нан» зауыты аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлер үшін осылай қолдау көрсетуде.

Н.АХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу