Қарағандыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды

02.12.2022

Қарағандыда халықаралық мүгедектер күніне орай «Тең қоғам» әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар тегін әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік және басқа да көмектер алады. Орталықтың ашылуына Ақпарат және қоғамдық даму министрі қатысты. Мұнда 12 білікті маман келушілерге қызмет көрсетеді. Аймақта ерекше қолдауды қажет ететін азаматтар үшін 70 ұйым жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл күні қоғамның дамуына үлес қосып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтар марапатталды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласында мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына және халытың осы санаты басқалармен тең өмір сүруі, жұмыс істеуі, оқуы, қоғам өміріне толыққанды еркін араласуына, оған кедергілерді жоюға бағытталған іс-шаралармен жүзеге асуда.

 Мүгедек жандар тегін көмек ала алады

Қарағанды облысында 55 мыңнан астам мүгедек жан бар. Тең жартысына техникалық керек-жарақ пен оңалтуға қажет жәрдем берілген. Жыл сайын қолдау жақсарып келеді. Министр сондай ақ үкіметтік емес ұйым өкілдеріне сыйақы табыстау шарасына қатысты. 2017 жылы бастау алған жобаның шарапатын 300-дей үкіметтік емес ұйым көрген.

Дархан Тілемісов, Облыстық мүгедектер мектебінің жаттықтырушысы:

Мүгедектердің қоғамға толыққанды сіңуіне, рухын көтеруге үлкен бір серпін беретін мереке деп ойлаймыз өз басымыз. Өйткені қаламызда тұңғыш рет болып жатыр осылай облыстық дәрежеде. Бүкіл облысымыздың аудан, қалаларынан мүгедек жандар келіп жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу