Басты Жаңалықтар Таразда дәріхана тонағандар іздестірілуде

Таразда дәріхана тонағандар іздестірілуде

Таразда дәріхана тонағандар іздестірілуде. Медициналық бетперде таққан екі адам кассаны тонап кеткен.

Оқиға түнгі ондар шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Шамамен 20-25 жастағы күдіктілер, дәріхана ішіне басып кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қызметкерлерді қорқытқан. Сөйтіп, кассадағы ақшаны қолды еткен соң, із суытқан. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Бөлісу