«Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

26.03.2022
«Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Ұлттық құндылықтардың насихатталуы мен дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар арасындағы байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жобаға 8 аталым бойынша барлығы 114 үміткер қатысты. Байқау қатысушыларына дауыс беру «Qazaqstan» телеарнасының ресми сайты арқылы жүргізіліп, әр аталым бойынша ең көп дауыс жинаған жеңімпаз «Тайқазан» естелік статуэткасы және 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қазақстандықтардың дауыс беруі нәтижесінде «Үздік айтыскер» аталымында Бекарыс Шойбеков, «Үздік күйші» Нұркен Əшіров, «Үздік әнші» Ерлан Рысқали, «Үздік жыршы» номинациясында Оспан Құлсымақов, «Үздік зергер» Өтепқали Өміров, «Үздік шебер» Азат Үзенбаев, «Үздік тоқыма шебері» аталымында Қазипа Мұхаметқали жеңімпаз атанды.




Хабарламаларға жазылу