Павлодарда «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

03.12.2021

Павлодарда «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша марапатталды. 1200 үкіметтік емес және волонтерлік ұйым, 300 ден аса білім беру мекемелері, 360 ұжым мен кәсіподақ қайырымды іске атсалысқан.

«Жомарт жүрек» мүмкіндігі мен жүрегінің мейірімі бар азаматтарды бір мақсатқа біріктірген шара. Бұған ел Президентінің өзі ұйытқы болды. Марапаттау рәсімін ашқан Ақпарат және қоғамдық даму Министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: 
Ел Президенті осы қайырымды істер марафоны аясында мұқтаждарға көмек қолын созып, айналасын жақсылыққа бөлеген жомарт жандардың атын ерекше атап өтті. Олда болса халқымыздың ежелден қайырлы іс жасауға ізгіліктің белгісіне балап, ішкі береке, бірлікті биік қойған даналығы.
Індет тарап, дүниені үміт пен күдік қатар жайлаған кезеңде де халқымыз бір-біріне демеу болды. Биылғы «Жомарт жүрек» конкурсына 3 миллионнан аса отандасымыз қатысты. 15 мыңнан аса қайырымдылық шарасы өтіп ,200 мың адамға көмек көрсетілді. Петр Кузьменко ұжымдық шаруашылықты басқарады. Ол былтыр да, биыл да Павлодар ауданы ауруханаларына жасанды тыныс алу аппаратары мен короновирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектерді алып берді. Медицина қызметкерлерін бір түсті формамен қамтамасыз етті.
Петр Кузьменко,  «Жыл тұлғасы» номинациясының жеңімпазы: 
Көп адамдардың осы пандемия басталғалы мұқтаждық шеңгеліне іліккені жасырын емес. Соларға демеу болу біздердің міндетіміз. Біздің Президентіміз қуатты әрі мейірімді мемлекет құрды. 
Биылғы «Жомарт жүрек» сыйлығына үміткерлер саны 100-ден асты. Онлайн дауыс беру және арнайы комиссия шешіміне сай 5 номинация бойынша 51 жеңімпаз анықталды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу