Ресейде есірткі тасымалдаған қазақстандықтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде есірткі тасымалдаған қазақстандықтар ұсталды

25.03.2022

Ресейдің Коми республикасында есірткі тасымалдаған қазақстандықтар ұсталды. Соңғы мәлімет бойынша 14 адам интернет арқылы тапсырыс орындап отырған. Ұсталғандардың ішінде студенттер де бар.

Дархан Маманов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы вице-Консулы:

 «Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресейдегі Қазақстан азаматтарына күмәнді ұсыныстарға бой алдырмауға шақырамыз.»

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу