Есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл өңірінен еліміздің өзге аймақтарына тұрақты түрде есірткі тасымалдап отырған қылмыстық топ мүшелері Қарағандыда қолға түсті. Күдіктілерден 198 келі марихуана тәркіленген. Олар оны кәдімгі қаптарға салып, жайбарақат көлікпен тасымалдап жүрген. Арнайы операция кезінде 3 адам қолға түсті. Кейін арнайы операция Алматы мен Таразда жалғасып, олардың тағы 3 серіктесі ұсталды. Күдіктілерден қымбат көліктер мен мылтықтар тәркіленген. Заңсыз қадамға барғандар 34 пен 56 жас аралығындағы тұрғындар болып шықты. Енді олардың қылмысы дәлелденсе, әрқайсысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бақытжан Құдияров, Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Ұсталғандардан 6 млн 435 мың теңге ақша және 87 қапқа салынған өсімдік заты алынды. Экспертизаға сай, 198 келі марихуана заты екені белгілі болды. Аталған факт негізінде ҚР ҚК 297-бабының үшінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12