Ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды

07.12.2021

Полицейлер ірі есірткі тасымалдаушыларды ұстады. Анықталғандай ірі көлемдегі «марихуана» Жамбыл облысынан Алматыға жіберіліп отырған.

Күдіктінің көлігі қалаға кіре берісте тоқтатылып, тексерілді. Тінту кезінде «марихуана» және «шишка» тұқымы тәркіленді. Ұстау операциясы барысында үй иелері заттай айғақты жойып жіберуге талпынған.

Бірақ жолы кесіліп, «марихуана» тұқымы, ұнтақ капсулалар және 160 дана тегіс ұңғылы шолақ мылтық оқтары мен қолдан жасалған патрондар және аңшылық пышақ табылды. Сондай-ақ аулада гүл құмыраларына есірткі өсірілетін жылыжай бары да анықталды.


Хабарламаларға жазылу