Павлодарда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

11.12.2020

Павлодарда үш қап марихуананы автокөлік багажына тиеп алған күдікті ұсталды. Тауардың жалпы салмағы 139 келі. Есірткіні көтерме бағамен сату мақсатында немесе есірткіге тәуелділерге өткізу үшін әкелді ме, полиция енді осыны анықтамақ.

Мақсат Арынғазинов, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкері:
Жедел қимыл тобы күдіктіні тауарды тиеп алғаннан бастап бақылауда ұстады. Марихуананы ол еліміздің оңтүстік облысынан алды. Біздің мақсатымыз қайда апарып өткізетіндігін білу болатын. Операция сәтті аяқталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің сыбайластарын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу