Жамбыл облысында атпен есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында атпен есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды

02.02.2022

Жамбыл облысында атпен есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды. Облыстық Полиция департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде оны Меркі ауданының аумағындағы Қарасу-Қорағаты автожолында құрықтады.

Жылқыға мінген 40 жастағы жергілікті тұрғын 21 келіден аса кептірілген марихуананы қапқа салып алып, жолға шыққан. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Ол есірткіні былтыр тамыз айында Меркі ауданының құмды аймағында дайындағанын айтқан. Аудан тұрғыны ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 3 жылдан 7жылған дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу