Мереке күндері елімізде 100-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке күндері елімізде 100-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды

24.03.2022

Мереке күндері елімізде жүзден аса адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның 16-сы бала. Құтқарушылар елордадағы айналма жолда қалған 7 адам мен екі 2 баланы қалаға жеткізді. Қарқаралы ауданында 4 адам құтқарылса, Ақтоғай ауданында қардан 16 жеңіл автокөлік шығарылды.

Ал Амангелді ауданында 4 жеңіл көлік сүйреп шығарылды. Автокөліктерде 19 адам, оның ішінде 2 бала болған.

Боранға байланысты ел аумағында автожолдардың 46 учаскесінде, оның ішінде 26 автожол жабылған. Тек бүгін ғана ауа райының жақсаруына байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын бірнеше жол қайта ашылды. Облыстық жедел штабтардың ақпараты бойынша блокбекеттерде 915 бірлік техника тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға елдімекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу