Президент өңір әкімдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент өңір әкімдерімен кездесті

16.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының әкімдерімен кеңес өткізді. Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Президент Үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек. Тұрғындармен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет. Жұмыссыздық деңгейін азайту мен кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жүйелі шаралар қабылдануы тиіс. Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілді.

Қонысбек 

Хабарламаларға жазылу