Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға жеделдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға жеделдеді

15.03.2022
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға жеделдеді

Екі айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор экономиканың тұрақты өсу драйверіне айналды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 3,9%-ға өсті.

Фармацевтикада 17%-ға, киім өндірісінде 12,8%-ға, машина жасауда 9,2%-ға, оның ішінде локомотивтер мен вагондар өндірісінде 23,8%-ға, автомобиль жасауда 10,2%-ға, пластмасса бұйымдары өндірісінде 8,7%-ға, дайын металл бұйымдары өндірісінде 4,4%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде 2,1%-ға өсім байқалады.

Қызмет көрсету секторында көліктегі, саудадағы және байланыстағы жоғары динамика есебінен 2,1% деңгейінде оң өсім байқалады.

Құрылыс саласында өсім 7,6% деңгейінде байқалды және 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларындағы тұрақты инвестициялық белсенділік экономиканың жедел өсуінің негізгі факторына айналды.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар 5,7%-ға өсті.

Қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында өсім байқалады.

Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында ең төменгі көрсеткіштер тіркелген.

Премьер-министр Үкімет басшысы бюджет экономика өндіріс сауда өнеркәсіп құрылыс

Хабарламаларға жазылу