Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс қаражат жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр
Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс «Қазақтелеком»-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы айтты. Олжас Бектеновтың сөзінше, қазіргі кезде қаражат сомасы анықталып жатыр, ол бойынша бірнеше эпизод қамтылған. Сараптама жүргізілгеннен кейін, нақты сома жария етіледі. Дегенмен осы іске қатысты миллиардтаған қаражат бар. Қайрат Сатыбалды әуежай аумағында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деді агенттік төрағасы. Олжас Бектеновтың сөзінше, қазір «Қазақтелекомның» Алматы мен Елордадағы кеңселерінде тінту жүріп жатыр.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
Қазіргі таңда «Қазақтелекомға» қатысты тергеу амалдары жүршгізіліп жатыр. Кеше ғана белсенді тергеуді бастадық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19