Кездесуде Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі жағдайы мен сот төрелігіне қатысты өзекті мәселелер туралы ақпарат берілді.
Жақып Асановтың айтуынша, былтыр аудандық соттар шығарған 1,2 миллион сот шешімінің 1,4 пайызын немесе 17 мың істі жоғарғы сатыдағы соттар кері қайтарған немесе өзгерткен.
Сонымен қатар:
– жарты жылда соттарға 14 мың талап арыз түскен;
– мемлекеттік органдар әрбір екінші істе ұтылған (бұрын қаралған істердің 85 пайызы мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін);
– жергілікті жерлерде соттан тыс медиация орталықтары құрылған;
– соттар дау-дамайлардың мәмілеге келу арқылы шешілуіне көмектеседі (бұрын тараптардың тек 3 пайызы ғана татуласса, қазір бұл көрсеткіш 34 пайызға жеткен);
– қылмыстық сот төрелігі саласындағы ахуал өзгеруде;
– соттарда кінәлауға бейім тұру ісі тыйылып келеді (соңғы 4 жылда ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ақталғандар саны 7 есеге көбейген (жылына 20-30-дан 200-ге дейін).