Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

12.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Кездесу барысында Президент сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін мұқият әрі әділ қарау қажеттігін айтты. Ол үшін судьялардың құзыреттігін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек. Өз кезегінде Жақып Асанов Жоғарғы Соттың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берді.

 

Альбина  ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу