Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

23.12.2020

Президент бүгін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Кездесуде сот реформасының негізгі бағыттары, әкімшілік әділет механизмін енгізу мен сот өндірісінде қолданылатын ІТ әзірлемелер жайы баяндалды. Жақып Асанов келер жылдың шілдесінен бастап күшіне енетін әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс туралы айтты. Ал, Мемлекет басшысы азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау маңызды міндет екенін атап өтті. 

Амангелді Сейітхан  


Президент Жоғарғы сот Жақып Асанов

Хабарламаларға жазылу