Президент Жоғары сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

04.11.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот төрағасын қабылдады. Кездесуде сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу, жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсарту мен сот ісін жүргізу сапасын арттыру мәселелері айтылды. Жақып Асанов жуырда өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары сот төрағалары кеңесінің қорытындысы жайлы баяндады. Сөз соңында Мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру жайын ерекше атап өтті.   

Сондай-ақ Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Ол елдегі ақша-несие саясатын іске асыру мен ұлттық төлем жүйесін дамыту барысы туралы баяндады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жайы да сөз болды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Раушан Сайлауқызы  


Президент Қабылдау Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов

Хабарламаларға жазылу