Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

21.10.2019

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына сенімін арттыруға қатысты пікірін білдірді. Бұл мақсатқа жету үшін Қасым Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау, шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсартуды жүктеді. Президент судьялардың жүктемесін азайту және сот шешімдерінің сапасына кері әсер ететін оларға қатысы жоқ істерден босату жөнінде де нақты қадамдар жасауды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу