Батыс Қазақстанда көлік апатынан екі адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы «Самара-Шымкент» тасжолында екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып қалды. Өкінішке орай жүргізушілер қаза тапқан. Оқиға кеше кешкісін Сырым ауданының Алғабас ауылы маңында болды. Бір азамат оқиға орнында тіл тартпай кетсе, 34 жастағы екінші жүргізуші құтқарушылар көліктен алып шығып жатқанда ес жимастан, көз жұмған. Сол мезетте апат болған жерден өтіп бара жатқан жеңіл көлік те бұларға соқтығысып қалды. Жүргізуші мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, аймақта қар жауып, ақтүтек боран салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Ардақ мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13