Алматыда 5 адамды өлтірген Игорь Дужновтың ісі сотқа жіберілді
Алматыда 5 адамды өлтірген Игорь Дужновтың ісі сотқа жіберілді. Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Еске салайын, Игорь Дужнов былтыр қыркүйек айында үйін босатуды сұрағандарға оқ жаудырған. Салдарынан екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі және оның танысы қаза тапқан. Күдіктінің отбасына тиесілі үй банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Бұрынғы қожайын сот шешімімен келіспей, көшкісі келмеген. Сот жаңа иесінің пайдасына шешім шығарған. Дужнов ұсталып, тергеу изоялторына қамалған. Оның үстінен «Адам өлтіру» және «Құқық қорғау органдары қызметкерінің жеке өміріне қол сұғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кінәсі дәлелденсе 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13