Павлодар облысындағы республикалық тас жолды су шайып кетті
Павлодар облысындағы Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» бағытындағы республикалық тас жолды су шайып кетті.
Қар суы бұзып кеткен 103-ші шақырымда жауапты мердігер жұмыс істеп жатыр. Елордадан қосымша техника шақыртылған. Себебі, судың деңгейі көліктерге арналған бетон өткелді жауып жіберуі мүмкін. Әзірге көліктер айналма жол арқылы өтуде. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, наурыздың 6-7 күндері қар күрт еріген. Соның салдарынан Баянауыл ауданының Құндыкөл, Жаңажол және Бірлік ауылдарын жанамалай қызыл су жүрген. Бірақ үйлер мен қора-қопсы судан аман. Жергілікті атқарушы орган арнайы штаб құрып, тасқын судан қорғану үшін қам жасап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Чемпион» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады
29.10.2026, 10:11
Диалог алаңы: 120 мектептің мұғалімдері әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті
29.10.2026, 10:10
Робототехника және STEM чемпионаты өтті
29.10.2026, 10:08
Конституциялық реформа әлеуметтің әлеуетін арттырады
29.10.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттары айқындалды
29.10.2026, 10:05
Инфрақұрылымды жаңғырту – ел дамуының жаңа белесі
29.10.2026, 10:04
Үкіметте әр министрлік жолдау тапсырмаларын орындау жоспарын ұсынды
29.10.2026, 10:03
Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді
29.10.2026, 10:02