Алматыда ұрланған қару-жарақтар тәркіленді
Алматыда Қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ партиясының жасырылған жерін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция қызметкерлері хабарлады. Күдікті ретінде Алматы әуежайында орын алған тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген 23 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Оның үйінен екі пышақ пен пневматикалық тапанша табылды. Құқық қорғау органдарының мамандары тағы бір 43 жастағы азаматты құрықтады. Оның пәтерінен 19 дана пневматикалық қару мен патрондар, 10 пышақ, 1 арбалет және 6 оптикалық көздеуіш пен 3 оптикалық құрылғы тәркіленді. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00