Көкшетаулық ерлі-зайыпты Украинадан елге 6 күнде жеткен
Одессаға демалуға барып, үрейленіп қайтқан отбасы 6 күн дегенде елге әзер жетті. Атыстан қашқан жұрт Львов қаласына ағылған. Пойызға билет табылмай, жолаушыларды үсті-үстіне бастырмалатып мінгестіруге тура келген. Солардың қатарында көкшетаулық ерлі-зайыпты да бар. Виталий мен Анна Карнашаускас талай трагедияға куә болғанын айтады.
Виталий Карнашаускас, Көкшетау қаласының тұрғыны:
40 шақырымдай кептеліс болды. Львов пен Польша арасындағы көрініс жан аярлық. Бір қатарда жеңіл көліктер тізілген. Автобустар іркес-тіркес. Тағы бір жолақта босқындар кетіп барады. Әйелдер балаларын омырауына қапсырып алған. Күйеулері жерін қорғап қалды. Біз бәрін автобустан көріп отырдық. Жол бойы жергілікті халық ас-суын, жылы-жұмсағын ұсынып жатыр. Польша шекарасына дейін негізі 130 шақырым. Бірақ, біз 2 тәулік жүрдік.
Осылайша олар Одессадан Львовқа пойызбен жетіп алды. Одан Катовицеге дейін автобуспен барған. Сөйтіп Елордаға ұшып келген.
Анна Карнашаускас, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Өте қорқынышты болды. Қорқыныштан басым айналып екі тәулік бойы құса бердім. Ұйықтау да мүмкін емес. Әлі күнге дейін не істеп, не қойып жүргенімді ұқпаймын. Көшеде жедел жәрдем келе жатса үрейленемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Чемпион» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады
29.10.2026, 10:11
Диалог алаңы: 120 мектептің мұғалімдері әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті
29.10.2026, 10:10
Робототехника және STEM чемпионаты өтті
29.10.2026, 10:08
Конституциялық реформа әлеуметтің әлеуетін арттырады
29.10.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттары айқындалды
29.10.2026, 10:05
Инфрақұрылымды жаңғырту – ел дамуының жаңа белесі
29.10.2026, 10:04
Үкіметте әр министрлік жолдау тапсырмаларын орындау жоспарын ұсынды
29.10.2026, 10:03
Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді
29.10.2026, 10:02