Алматыда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

09.03.2022

Алматыда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарынан 42 жастағы тұрғын сол жерде мерт болды. 33 бағыттағы автобус жаяу адамды жолақтан өтіп бара жатқан кезде қағып кеткен. Басқа зардап шеккендер туралы мәлімет айтылып жатқан жоқ. Тергеу басталды.

Алматыда жол апатына кінәлі жүргізуші іздестіріліп жатыр

Сондай-ақ Алматыда жол апатына кінәлі «Toyota Camry» жүргізушісі іздестіріліп жатыр. Өтеген батыр көшесінен солтүстік бағытта келе жатқан көлік тұрақтағы «Chevrolet Cobalt»-ты соққан. Соққының ауыр болғаны соншалық, шетелдік көлік қақ бөлініп, жарамсыз болып қалған. Ал «Toyota Camry» көлігіндегі түрлі жарақаттар алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің өзі зардап шекпеген, бірақ оқиға орнынан қашып кетіпті. Саусақ іздерін алу үшін полицейлер криминалист шақырған. «Toyota Camry» жүргізушісіне іздеу жарияланды.


Хабарламаларға жазылу