Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды
Украинадан қазақстанның 23 жүк көлігі шығарылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Тағы жетеуі Польша шекарасында тұр. Ал, 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр, дейді министрлік.
Самат Ғилымов, Көлік комитетінің төрағасы:
Арнайы рұқсатпен жүретін көліктер ғой. Олардың арнайы рұқсаттары болады. Олар ойлаған жоқ қой. Украинаға барып кері қайтамыз деді. Ал, жол енді айналыммен түсейін деп тұр. Сондықтан оларға Польша мемлекетімен де, Молдова мемлекетімен де, басқа елдерге де, Болгария, Венгрияға өзіміздің тарапымыздан хат жолдағанбыз.
Латвия порттары Қазақстан жүктерін қабылдауға дайын
Сондай-ақ Қазақстан Ресей порттарындағы жүк көлемін Латвияға бағыттайтын болды. Балтық мемлекеті бірнеше портын ашып, орын беруге келісті. Ресейге салынған санкциялардан кейін, еліміз басқа мемлекеттер арқылы жүк жеткізу жолдарын іздеуде. Екі жақты келісім бойынша Қазақстанның жүктері Рига, Вэнтспилс және Лиепая порттарына бағытталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15