Қостанайлық экологтар Ресейдің Троицк электр станциясына жарты миллион теңге айыппұл салды. Шекараның түбінде тұрған бұл кәсіпорын мемлекетаралық келісімге сәйкес өндіріс қалдықтарын Қарабалық ауданы аумағына 40 жылдан бері төгіп келеді. Нақтырақ айтқанда электр қуатын өндіру үшін жағылған көмірдің су аралас күлі, арнайы құбырмен Шұбаркөл көліне құйылады. Жақында станциядан полигонға дейін тартылған құбырдың Қазақстан аумағындағы бөлігі жарылып, лас сұйықтық далаға аққан. Экологтар табиғатқа қаншалықты зиян келгенін тексерді, бірақ топырақтан алынған сынамадан зиянды заттардың шектен асқаны анықталмады. Дегенмен осы маңдағы Сарыкөл және Котлованный ауылының тұрғындары су айдынына төгілетін күл ауаға тарап, айналаны ластап жатқанын айтады.
Талғат Сәбиев, Экология департаментінің басшысы:
Тексеріс нәтижесінде Троицк электр станциясы әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл көлемі 400 мың теңгеден асады. Одан қалды төгілген күл-қоқыстарды жою туралы ұйғарым берілді. Атмосфералық ауаның құрамын тексерген жоқпыз. Себебі негізгі заң бұзушылық – маңайдағы аумақты ластауға қатысты болды.
Дәуренбек Әбдібек