Грузия мен Әзербайжаннан 4 мыңнан аса автокөлік келген. Оның ішінде 2 мыңнан аса көліктің уақытша жүру мерзімі өтіп кеткен. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Мерзімі өткен және кедендік салықтары төленбеген көліктер әсіресе Маңғыстау және Түркістан облыстарында жиі кездеседі. Соңғы 5 ай ішінде 300 автокөлік иесіне 6,6 млн теңге айыппұл салынып, өндірілген. Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік болып саналады. Сондықтан кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациясыз 1 жылдан аспайтын мерзімге ғана әкелуге рұқсат етіледі. Ол көлікті иесі өзі ғана уақытша басқаруға құқылы, яғни біреуге тапсыруға немесе сенімхат арқылы сатуға тыйым салынады.