Қазақстан Украинаға әскер жібермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Украинаға әскер жібермейді

03.03.2022

Отандық әскери техниканың ел аумағындағы қозғалысына қатысты ешқандай алаңдаудың я күдік тудырудың қажеті жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді. Ведомство өкілінің айтуынша, әскердің жауынгерлік әзірлігі мен даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіледі. Сондықтан Қарулы күштердің ел аумағында орын ауыстыруы қалыпты жағдай. Министрдің орынбасары Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстарға әскер жіберу туралы жалған ақпаратқа қатысты да түсінік берді.

Сұлтан Қамалетдинов , ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Конфликт «Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысқа Қазақстанның ешқандай қатысы жоқ. Біз екі жақты да жақтамаймыз, қолдау да көрсетпейміз. Бұл төңірегінде ешқандай сұрақ болмауы тиіс.

Еске сала кетейік, таяуда әлеуметтік желіде Қазақстан елдің батысы мен солтүстігіне әскер тартып жатқаны туралы жалған ақпар тарады. Қорғаныс министрлігі еліміз Украина аумағына әскер жібереді деген қауесетті бұған дейін де жоққа шығарған болатын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу