Украинадан оралған қазақстандық Қанат Сүлейменовтың оқиғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан оралған қазақстандық Қанат Сүлейменовтың оқиғасы

03.03.2022

Берекеміз артқан, бейбіт күнге жетер ештеңе жоқ. Бұл Украинадан Қазақстанға оралған отандасымыздың пікірі. Шиеленісті өз көзімен көрген ол енді жер бетінде соғыс болмасын, тыныш заман орнасын деп тілейді.

Алла Гаврина, тілші:
Қанат Сүлейменов елге жеткенше асықтық дейді. Ол Киевтегі ауыл шаруашылық конференциясына барған қазақстандықтардың бірі. Жарылыс басталған алғашқы күні қонақүйдің жертөлесінде түнеген. Кейін Киевтен Львовқа екі күн жүріп зорға жеткен.

Қазақстан елшілігі ұйымдастырған автобуста 70-тей студент болған. Шекарада ұзын-сонар кезек, кептеліс. Қаладан көлікпен қашып шыққандар көп. 500 шақырымдық жерді 17 сағатта жүрген.

Қанат Сүлейменов, қала тұрғыны:

Тұрамыз ғой бір сағат, екі сағат. Сонда жергілікті адамдар келіп, шайын беріп, кофесін беріп, бульон, тамақ пісіріп. Алдымен әйелдер мен балаларға, кейін ер адамдарға берді.

Жолда қаптаған әскери техникаларды көрген олар снарядтардың дауысын да әлсін-әлсін естідік дейді. Польшаның Катовице қаласында қазақстандықтарды күткен ұшаққа жеткенде ғана сирена мен жарылыстардан қорқыныш сейіле бастаған. Бар ойым елге аман оралу болды дейді.

Қанат Сүлейменов, қала тұрғыны:

Келіп, телефонды өшіріп ұйықтадым рахаттанып. Үйім, өз елім дегендей. Біз осында тудық және осында өмірден өтеміз. Сондықтан елдің аты ел!

Қанат қазір арқаны кеңге салғанымен, кешегі күндері көрген қиындықты ұмыту оңай емес. Сондықтан елдегі бірлік пен келісімнің қадірін білейік дейді.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу