Халықтың осал топтары назардан тыс қалмауы керек - қоғамдық бірлестік өкілдері
«Халықтың осал тобына жататын және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөлу керек», - дейді алматылық қоғамдық бірлестік өкілдері. Атауы өзгеріп, жұмысы жанданған «Аманат» партиясының депуттары осыны ескергені абзал. Қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, мүгедек жандарды еңбекке тарту арқылы көптеген түйінді мәселелерді шешуге болады. Олар жақын арада партияға өз ұсыныстарын жеткізбек.
Алмаз Мырзабеков, «Жігер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
Менің партияға әрине жұмысы жақсарсын талабым бар. Партияның көзқарасы, жүргізіп жатқан жұмысының әсері барлығымызға жақсы жағынан тиюі керек деп ойлаймын. Халықтың арасында әлеуметтік төмен қорғалған кісілердің жұмысқа тұру, үй алу мәселесі шешілсе екен.
Гүлсім Қажымұқанова, «Ан-ниса» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілі:
Қазіргі уақытта демеушілердің жоқтығына байланысты өзіміз жұмыс істеп жатырмыз. Енді осы партиядан біз үлкен үміт күтеміз. Балаларға мемлекеттік мекеме берсе екен деп сұраймыз. Мүгедек балаларды қараусыз қалдырмайды деп ойлаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03