Халықтың 66,5 проценті тауарлар мен қызметтердің құнына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың 66,5 проценті тауарлар мен қызметтердің құнына наразы

02.03.2022

Халықтың 66,5 проценті тауарлар мен қызметтердің құнына наразы. Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама қорытындысы осындай. Зерттеу ақпан айында жүргізіліп, еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтыған. Сауалнамаға 18 жастан асқан 7 мыңға жуық азамат қатысқан. Оның қорытындысы бойынша көпшілік әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттағаны сезілетінін айтқан. Респонденттердің 30 проценті несие мен қарыз барын растаса, 4 проценті 6 айға жетерлік жинақ ақшаға ие екенін жеткізген. Ал билік пен саяси институттарға деген сенім жаман емес, дейді институт мамандары. Сауаланамаға қатысқандардың 81 пайызы президентке қолдау білдірген. Бірақ Үкімет, Парламент, жергілікті әкімдер мен саяси партияларға деген сенім былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл төмендегені байқалады.

Жанна Кәрімова, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бөлім жетекшісі:

Әртүрлі көрсеткіштердің өзара байланысы бар екенін анықтай аламыз. Егер адамның әл-ауқаты төмен болса, саяси институттарға деген сенімі төмен болады. Мысалы, осындай корреляция бар. Түрлі осындай корреляцияларды анықтай аламыз. Бірақ бұл ықпалдың бағытын, мысалы, адамның әл-ауқаты әсер ете ме, немесе керісінше ме, тек қана сапалық әдістерді қолданып жүргізе аламыз.


Хабарламаларға жазылу