Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау операциясы жалғасып жатыр. Осымен екінші ұшақ елорда әуежайына келіп қонды. Еске салсақ, отандастырымыздың алғашқы легі 28-ақпанда Алматыға жеткізілген болатын.
Құтқарылған жерлестеріміз Польшаның Катовице қаласынан ұшқан. Аман-есен жақындарымен қауышқан олардың қуанышында шек жоқ.
Қазір барлығы 300-дей азамат елге оралды. Алайда, қазақстандық дипломаттар Киев, Харьков, Львов қалаларында шамамен әлі 80-ге жуық азамат бар. Қазіргі таңда Польшаның Катовице қаласына жеткізілген 74 қазақстандық үшінші рейсті күтіп отыр.
Сергей Коновалов, ҚР Украинадағы елшілігінің кеңесші-уәкілі:
Қазіргі таңда Польшаға жеткізілген азаматтардың барлығы жатын орынмен қамтамасыз етілген. Барлығы жағдай жасалған. Тез арада оларды елге қайтару жұмыстары пысықталып жатыр.
Қазір Украинадағы ахуал күн санап күрделеніп келе жатыр. Көрші елдерді паналаған босқындар саны да артуда. Дегенмен, біздің елшілік барлық отандастырмызды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын тоқтатпаймыз деп отыр.
Ламбриан Топузидис